Павлодар облысында алтын мен күміс заңсыз өндірілген

122

 Баянауыл ауданында 2025 жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан "IBM Gold" ЖШС ерекше назарға алынды.  

Павлодар облысында алтын мен күміс заңсыз өндірілген Фото: pavon.kz

Павлодар облысында жер қойнауын пайдалану саласындағы прокуратура жүргізген тексеріс барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған 12 кәсіпорын, оның ішінде экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқандары да анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жалпы, жер қойнауын заңсыз пайдаланған 12 кәсіпорын анықталды. 8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды.

Аталған бағыттағы мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды. Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты.

Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді.

Барлық құқықбұзушылықтар бойынша тиісті, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу