Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 40 млн теңгеге жуық қарыз өндірілді

540

7 маусымнан бастап облыс аумағында "Борышкер – 2023" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. 

Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 40 млн теңгеге жуық қарыз өндірілді Фото: polisia.kz

Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 39 млн теңгеден астам қарыз өндірілді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Профилактикалық іс-шаралар басталғаннан бері облыстық полицейлер борышкер жүргізушілерден 39 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды. 52 көлік арнайы тұраққа қойылды", – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Ол 7 тәулік ішінде әкімшілік айыппұл сомасының елу пайызын төлеуге болатынын еске салды.

Айта кетейік, "Борышкер – 2023" іс-шарасы 30 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу