Екібастұздан алты шақырым қашықтықта Горняк ауылы бағытындағы тас жолда автокөлік 1988 жылы туған әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz..
"Өкінішке орай, жедел жәрдем келгенге дейін әйел адамның биологиялық өлімі анықталған", – деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Павлодарда Абай-Толстой көшелерінің қиылысында жол апатынан 2015 және 2019 жылы туған екі бала зардап шекті. Бір жасар қыз баланың денесінің оң жағында жарақаттар бар. Ал, бес жасар баланың сол тізесі жарақаттанған. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ апат кезінде 1973 жылы туған әйел адам оң жақ білек буынының жабық сынуы мен жұмсақ тіндердің жарақатын алған. Әйел адам емдеу үшін №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Павлодарда жол апатынан тағы екі жасөспірім жарақат алды. Сенбі күні түнде жолаушылар көлігі бағанға соғылып, аударылып қалды. 1969 жылы туған әйел адам бас жарақаттарын алып, миы шайқалған. Ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 13 және 16 жастағы екі жасөспірім шошынып қалған және жеңіл жарақаттар алған. Олар ауруханаға жатудан бас тартты. Ал, көлікте болған 1970 жылы туған ер адам медициналық тексеруден мүлдем бас тартты.
Сонымен қатар, сенбі күні қала маңындағы Павлодар ауылында үшінші кіреберіс жолда автокөлік аударылып қалды. 3 адам жарақат алды: бас жарақаттарын алған 1982 жылы туған әйел адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жабық бас сүйек-ми зақымдарын алған 1956 жылы туған әйел мен 1959 жылы туған ер адам ауруханаға барудан бас тартты.