Павлодар облысында 2 көлік бетпе-бет соғысып, 1 адам мерт болды

108

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші қаза тапқан фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысында 2 көлік бетпе-бет соғысып, 1 адам мерт болды Фото: Павлодар облысы ПД

Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 қараша күні "Атамекен-Курчатов" автожолындағы Айнакөл ауылының маңында "Шкода Рапид" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Ауди-А6" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы тығыз учаскелерде абай болуды, көліктің техникалық жай-күйін бақылауды және ауа райы жағдайының өзгеруін ескеруді еске салады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу