Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті

44

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды. 

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 30 қараша күні ҚалҚаман – Баянауыл – Керней автожолында, Бірлік ауылынан 12 шақырым жерде Lada-21703 және Lada-21723 маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды", – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан жеті адам жарақат алды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Департамент мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, көліктің техникалық жағдайын бақылаудың және ауа райының өзгерістерін ескерудің маңыздылығын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу