"Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар облысында қаржы пирамидасының белгілері бар "Antares Limited" инвестициялық компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Компания қызметкерлері азаматтардың қаражатын инвестициялар бойынша тренингтер өткізу арқылы тартып отырған", деп жазылған таратылған хабарламада.
Тергеу барысында тренингке қатысушылар ақшалай қаражатты компания қызметкерінің "Kaspi Bank" карточка шотына аударғаны белгілі болған.
"Одан әрі олар виртуалды ақша аударылған электрондық парақты ашуға мүмкіндік алған. Бұл қаражатқа күніне салым сомасының 1% көлеміндегі уәде етілген пайдасы бар инвестициялық пакет сатып алынды. Ақша тек жаңа салымшыларға пакеттер сату немесе қосымша инвестициялық пакеттер сатып алу арқылы шығарылып отырды. Сонымен қатар жаңа салымшыны тартқаны үшін виртуалды ақшамен төленген салым сомасының 1-ден 5%- на дейінгі сыйақы қарастырылған".
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.