Павлодар облысында жылқымен соқтығысқан көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Түнде Volkswagen жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Ол жолда тұрған екі атқа соғылып, арыққа қарай аударылған.
Облыстық Полиция департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Жылқылардың иесі анықталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Новосібір облысымен шекараға 10 шақырым аумақта болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу