101 пультіне Павлодар облысы Ақсу қаласы Беловка ауылында жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел келген өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің шатырының ағаш құрылымдарын сөндіруге кірісті.
Өрт сөндіру барысында 6 адам, оның ішінде 5 балал эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу