Жем-шөптің әлі 23 пайызы жеткізілген жоқ

862

Жем-шөптің әлі 23 пайызы жеткізілген жоқ

Павлодар облысында мал азығын сақтау қоймаларына 801,1 мың тонна жем-шөп тасымалданып, жалпы көлемнің 77 пайызы орындалды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев айтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz

"Облыс бойынша 1039 мың тонна шөп шабылды.  Бұл өткен жылға қарағанда 15 пайызға артық көрсеткіш, - дейді Ораз Дүзденбаев. - Қысқы азыққа ең көп дайындалатын өнім түрлерінің бірі  - сүрлем. Биыл одан 168,5 мың тонна әзірленді. Сонымен қатар, 83,4 мың тонна пішендеме, 215 мың тонна сабан дайындалды. Негізі өткен жылғыдан 50 пайыз артық жинаймыз деген жоспар қойып отырмыз және соған жетеміз. Қазіргі уақытта қыстайтын алаңдарға, әсіресе, жер учаскелеріне шабындықты уақытында жеткізу жағына мән берудеміз".  

Басқарма басшысының сөзінше, былтырғы жылы облыс бойынша 991 мың 200 тонна шөп шабылған. Қазір келер жылға егістік жерлерді дайындау басталып кетті. Атап айтқанда, 189,2 мың гектар жерді парға әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу