Оқыс оқиға 17 қыркүйекте кешке Екібастұз - Солнечный жолында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына
жол жиегінде иесіз жүрген жылқы себеп болған.
"Апаттан Toyota Camry-дің 38 жастағы жүргізушісі жарақат алған. Сондай-ақ қызметтік "ВАЗ" көлігіне зақым келген. Оны полиция қызметкері басқарған", - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер тексеру жүргізіп, екі жүргізушінің де ішімдік ішпегенін анықтаған.
Көліктер айып тұрағына қойылды.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Егер күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, оған 160 АЕК (466 720 теңге) көлемінде айыппұл немесе түзеу жұмысы, 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс, 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.