Павлодар облысында төрт адам уланып қайтыс болды, тағы екі адам ауыр халде жатыр

731

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, белгісіз затпен улану фактісі бойынша жеті өтініш тіркелген, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында төрт адам уланып қайтыс болды, тағы екі адам ауыр халде жатыр

"Үшеуі үйде қайтыс болды. Төртеуі Ертіс аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінген, ол жерде тағы  бірі қайтыс болды. Екеуі өте ауыр жағдайда өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бір зардап шегуші Павлодар қаласының № 3 қалалық ауруханасына орташа деңгейде жеткізілді", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу