Кеше кешкі уақытта Павлодар–Семей бағытындағы тасжолда жол апаты болып, салдаранын үш адам ажал құшты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
8 қаңтар күні сағат 21.00-де Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында "Kia Sportage" көлігінің қар жинайтын техниканы басып озып, қарсы жолақта келе жатқан КамАЗ көлігімен соғылды.
Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы мерт болды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға мұндай оқиғалардың алдын алу үшін көлік көп жүретін жерлерде жылдамдық режимін сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.