Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, 2 адам қаза тапты

177

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, 2 адам қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

"Павлодар–Қызылорда" тас жолының 110-шақырымында, Құлақөл ауылы маңында арақашықтықты сақтамаған Toyota Camry маркалы автокөлігі Shacman тіркемесі бар жүк көлігіне соқтығысты. Бүгін өңірде айналаның көріну деңгейі нашар болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі жолаушы қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтау, жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтап жүру, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде техникалық жағдайды қадағалау және ауа райының өзгерістерін ескеру маңызды екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу