Павлодар облысында жоғалған екі оқушының денесі табылды

429

Кәмелетке толмаған екі баланың қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желілердегі хабарламалардан белгілі болды. 

Павлодар облысында жоғалған екі оқушының денесі табылды Фото: www.nur.kz

Павлодар облысында жоғалған екі оқушы қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

ТЖД баспасөз қызметінде ақпарат расталды. Қайғылы оқиға Павлодар облысының Байет ауылында болған.

"5 шілдеде алтыншы және жетінші сыныптардың екі оқушысы үйден сағат 18.00-де каналға қарай шығып, жоғалып кетті. Қастарында ата-аналары не басқа ересектер болған жоқ", - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, балалардың заттары су қоймасының жағасынан табылған.

"Құтқарушылар жоғалған балалардың өлі денелерін судан тауып алған", - деп атап өтті өңірлік ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу