Павлодар облысында жол апатынан 1 адам мерт болып, 12 жолаушы жарақат алды

561

Екі жеңіл көлік соқтығысып, 66 жастағы жолаушы көз жұмды.

Павлодар облысында жол апатынан 1 адам мерт болып, 12 жолаушы жарақат алды

Павлодар облысында Екібастұз – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан 66 жастағы әйел қайтыс болып, 12 адам зардап шекті, деп хабарланды жедел медициналық жәрдем станциясынан.

Жол апаты өткен сенбі күні орын алған. Екі жеңіл көлік соқтығысып, 66 жастағы жолаушы көз жұмды. Өзге 12 адам, оның ішінде 5 бала түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында аяғы ауыр әйел де бар.

"Қазір оның жағдайы жақсы",– деп хабарлады мекемеден.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу