Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

420

Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жол апатынан екі жолаушы қаза болып, тағы екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оқиға 13 маусым Шарбақты ауданының Галкино – Жаңаауыл аудандық маңызы бар автожолының 10-шақырымында болған. ВАЗ-21703 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, аударылған.

"Салдарынан 2004 жылы туған жолаушы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген полиция мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу