Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

1085

Қайғылы оқиға бүгін "Омбы-Майқапшағай" тас жолында болған.

Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, 18 қаңтар сағат 12.14-те жол апаты тіркелген.

"Омбы-Майқапшағай" тас жолының 505 шақырымында, Аққулы ауданы Шабар мен Әйтей ауылдары арасында Volkswagen мен Niva көліктері соқтығысты. Салдарынан Volkswagen-нің 51 жастағы жүргізушісі мен қасында отырған 56 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды", – деп жазылған хабарламада.

Niva-ны тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші мен 24 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Қос көлік те арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу