Павлодар облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

772

Қайғылы оқиға "Шақат – Восточный – Шалдай" автожолында болды. 

Павлодар облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 30 сәуірде сағат 9:05-те Павлодар ауданы Шақат ауылы маңындағы автожолдың екінші шақырымында 24 жастағы жүргізушісі тізгіндеген "ВАЗ 2110" автокөлігі "ГАЗ 53" жүк көлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан "ВАЗ 2110" автомобилінде отырған жолаушылар зардап шеккен. Оқиға орнында 1987 және 1978 жылы туған 2 адам көз жұмды. 1969 жылы туған жолаушы ауруханаға жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу