Павлодар облысында жол-көлік апаты салдарынан 3 жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 7 қазан күні сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанында болған. "Ленинский – Курчатов" автожолының 55-ші шақырымында 40 жастағы "Нива" көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, сол бағытта жол жиегінде тұрған "КамАЗ" 5320 машинасының тіркемесімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан Нива автокөлігінің 40, 12 және 6 жастағы үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.