Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

269

Жолаушылар Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті Фото: canva.com

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, төрт жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілдеде "Қалқаман-Керней" жол бағытымен келе жатқан "TOYOTA ALPHARD" жүргізушісі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып,  "CHERY TIGGO 2PRO" көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасы төрт жолаушыны Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

Көліктер айып тұрағына қойылды.

Полиция ЖКО бойынша тексеріс ашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу