Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккен бірнеше адамға көмек көрсетілді

668

Жеңіл көліктің жүргізушісі рульден айырылып қалып, жолдан шығып кеткен.  

Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккен бірнеше адамға көмек көрсетілді

Облыстық апаттар медицинасы орталығының "Қалқаман" трассалық медициналық-құтқару бекетінің қызметкерлері жол-көлік апатына ұшырағандарға көмектесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кеше, 1 шілде күні сағат он бірде бірыңғай диспетчерлік пультіне Қызылорда – Павлодар автожолындағы Төртқұдық ауылының маңында көлік апатының орын алғандығы туралы хабарлама түскен.

 "Көліктің ішінде жүргізушімен бірге оның әйелі және екі жасар ұлы болған. Апаттың салдарынан 1989 жылы туған ер адам маңдайын жарақаттап, миы шайқалған. Оның зайыбы да жабық ми жарақатын алып, маңдайын жаралаған. Сонымен бірге, әйел адамның оң жақ бұғанасы сынған. Екі жасар ұл баланың өмірі мен денсаулығына ешбір қауіп төнген жоқ", – дейді департаментте.

Оқиға орнына жеткен құтқару бекетінің мамандары зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетті. Әйел адам облыс орталығына жеткізіліп, №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір жол-көлік апаты Омбы – Майқапшағай  автожолындағы Әуелбек ауылының жанында орын алды. Бұл туралы хабар "112" телефон нөміріне кеше сағат 15:35-те келіп түсті. Зардап шеккендерге апаттар медицинасы орталығының көмегі қажет болған жоқ. Көліктің төрт жолаушысы, оның ішінде үш бала жолшыбай машинамен Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Тағы бір зардап шегушіге Әуелбек ауылдық амбулаториясының дәрігері жедел медициналық көмек көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу