Павлодар облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам мерт болды

186

Қайғылы оқиға 11 қазан күні "Омбы – Майқапшағай" автожолының Қызылқоғам ауылынан 3 шақырым жерде болған.

Павлодар облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам мерт болды Фото: Бейнежазбадан

Павлодар облыстық полициясы жүргізуші мен жолаушының қайтыс болуына байланысты көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Алдын ала мәлімет бойынша "ВАЗ-2110" маркалы автокөліктің жүргізушісі қолайсыз ауа райы жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін төмендетуді, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болуды және көлік құралының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыруды ескертеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу