Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 ақпан күні Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
– Салдарынан Павлодар тұрғындары - Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, – дейді департаментте.
Сондай-ақ Mercedes көлігінің өзге екі жолаушысы - 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы, Lexus автокөлігін тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.