Павлодар облысындағы жол апатында 5 адам жанып кетті

164

Қазір қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.  

Павлодар облысындағы жол апатында 5 адам жанып кетті Фото: Видеодан скриншот

Жол апаты салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапқан, деп жазады inbusiness.kz сайты Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша, жол апаты 23 қыркүйек күні "Павлодар-Қызылорда" автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде орын алған.

"Toyota Lucida" автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, "Sitrak" жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігі өртенді.

Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін көлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін қатаң сақтап, көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу