Павлодар облысының аудан орталықтарында провизорлық стационарлар ашылды

886

Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. 

Павлодар облысының аудан орталықтарында провизорлық стационарлар ашылды

Қосымша орындар аудандық орталық ауруханалар базасында ашылған, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Қосымша орындар ашудың арқасында өңірде провизорлық төсек саны 1232-ден 1672-ге дейін өсті. Егер бұрын симптомдары коронавирустық инфекцияны жоққа шығармайтын барлық пациенттер Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы провизорлық стационарларға жатқызылса, енді ауылдық аймақ тұрғындары COVID-19 күдігі болған жағдайда орталық аудандық ауруханалар базасындағы госпитальдарда орналастырылатын болады. Әр ауданда провизорлық төсек орындар ашылды немесе провизорлық карантиндік төсек орын ретінде қайта бейінделді. Мысалы, Шарбақты аудандық ауруханасында бірден 100 төсек орын ашылды. Тағы бір 160 орындық провизорлық госпиталь балалар туберкулезге қарсы шипажайы базасында іске қосылды, - деді басқармада.

Айта кетейік, Павлодар облысында қосымша 440 провизорлық төсек орын ашылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу