Бұл туралы Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов айтты.
"Май ауданындағы алқапта орманшылар патрульдеу кезінде аналық марал мен баласын көрді, видеода тек төлі ғана түсіп қалған, - деді Аждар Жүсіпов. - Сібір және дала еліктерінен басқа енді жайылмада маралдар да пайда болды".
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында елік адамға көбірек сене бастаған.
Сарапшылар бұл коронавирустық пандемиямен байланысты ма екеніне қатысты сұраққа жауап бере алмады. Соған қарамастан, аймақта соңғы жылы сібір елігі санының артқаны байқалды.