Павлодарда 58 жеке үй жылудан ажыратылды

485

Павлодар қаласында көп қабатты 3  тұрғын үй мен 58 жер үйге жылу әлі берілген жоқ.    

Павлодарда 58 жеке үй жылудан ажыратылды Фото: Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

18 желтоқсанда жылу желілерінде ақау пайда болған еді. Кешеден бері оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Павлодар жылу желілері" серіктестігінің мамандары жылу камерасындағы суды сорып алды.

"Тұрғындарға алдын-ала ескертілді", - дейді мамандар.

Бұған дейін Павлодар облысында жылусыз қалған үйлер туралы жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу