"Мерзімді қызметтегі әскери қызметші Елубаев сағат 00:30 шамасында қызметін өтеп жатқан 5512 әскери бөліміне өз еркімен келді. Қазіргі уақытта әскери бөлімді өз бетінше тастап кетуінің себептері мен жағдайлары анықталуда. Толығырақ қосымша хабарлаймыз", - деді ҚР Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында.
Еске сала кетейік, Ақмола облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Тамерлан Елубаев сенбі, 3 сәуір сағат 06:30 шамасында әскери бөлімнен өз еркімен кеткен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу