Павлодарда автобус аударылып, 16 адам зардап шекті

568

Екібастұз тас жолындағы жол апатының мән-жайы анықталды.

Павлодарда автобус аударылып, 16 адам зардап шекті

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық көмек қызметкерлері жұмыс істеді, деп хабарлайды inbusiness.kz өңірлік сайтқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бәйет ауылы маңындағы Павлодар – Нұр-Сұлтан автожолының 139 шақырымында 40 жастағы автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай жыраға аударылып кеткен.

– Медициналық көмекке 16 адам жүгінді. Автобус жеке компанияларға тиесілі. Павлодардан Атырау қаласына жолаушылармен шыққан. Олардың 29-ы вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, екеуі – жүргізуші, – дейді департаментте. 

Айта кетсек, 103 желісіне ірі жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама бүгін, 26 шілде күні сағат 12:38-де түскен. Көлікте барлығы 32 адам болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу