Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер некеге тұрып үлгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жасөспірім медициналық тексеруден өтіп, жүктіліктің үшінші аптасында екенін білген. Павлодардағы балалар үйінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
– Қамқоршы орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына арыз жазды. Қызға психологиялық көмек көрсетілді, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық білім басқармасы.
Жасөспірім екі жақтың келісімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындған. Іс кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралған. Павлодар облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкеневаның айтуынша, қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ.
– Қыз 16 жастан асқан. Келісім беретіндей жасқа толған. Заңға сәйкес, мұнда қылмыстық құқықбұзушылық та, қылмыстық іс қозғауға негіз де жоқ, – деді ол.
Бүгінгі күні кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің некеге тұрғаны анықталды. Жас отбасыға керекті көмекті құрсақтағы баланың ата-әжесі өз жауапкершілігіне алып отыр.