Бір тәулік ішінде Павлодардың бірінші қалалық ауруханасына жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен алты адам жеткізілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Бірінші жол-көлік оқиғасы Жетекші ауылы маңындағы тас жолында сағат 8:15-те орын алды. Оқиға орнынан 49, 33 және 27 жасар ер адамдар ауруханаға жеткізіліп, зардап шегушілерде бас сүйек-ми зақымы, кеуде соғылуы мен ми шайқалуы анықталған. ЖКО орнына апаттық медицинасы орталығының бригадасы барды. Екінші оқиға Үлкен айналма жол мен Суворов көшелерінің қиылысында 9:18-де тіркелді. Бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалу мен бас терісінің зақымы диагнозымен 68 жасар ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Баспасөз хатшысы жеткізгендей, қала көшелерінде кешкі уақытта тағы екі көлік апаты орын алды. Соның бірі бірінші қалалық аурухана маңында 18:07-де болды. Нәтижесінде әртүрлі жарақаттармен 76 жасар әже ауруханаға түсті.
Әлеуметтік желілерге апат туралы фотосуреттерді жүктеген оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, зардап шеккен әже жолды жаяу жүргіншілер сызығымен өтпек болған. Тағы бір жол-көлік оқиғасы Тәуелсіздік даңғылы мен Толстой көшелерінің қиылысында болды. Салдарынан бас жарақатымен 30 жасар келіншек ауруханаға жеткізілді.