Павлодарда екі көпқабатты үйдің тұрғындарына қазақ тілі тегін үйретіледі

692

Тегін тіл үйрету Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған.  

Павлодарда екі көпқабатты үйдің тұрғындарына қазақ тілі тегін үйретіледі

Павлодарда екі көпқабатты үйдің тұрғындарына қазақ тілі тегін үйретіледі, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметі бойынша, "Ана тілі" орталығы және "Тіл волонтері" орталығымен бірлесіп, "Үй-ішімізбен қазақ тілін үйренеміз" авторлық жобасын жарияланған. Мақсат – қазақ тілін насихаттау және қала тұрғындарын тегін оқыту.

"Тіл волонтері" орталығының еріктілері Я.Геринг көшесіндегі 67/1-үйдің тұрғындары арасында сауалнама жүргізуге аттанды. Еріктілер тұрғындардың арасында қазақ тілі деңгейін, сабақтардық өздері үшін ыңғайлы уақытын анықтап, тегін онлайн курстарына жазылады", – дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ Ак.Шөкин көшесіндегі 100-үйдің тұрғындарына да тіл үйрету курсын оқиды.

Жоба қазақ тілін үйренуге арналған стендтермен жабдықталған. Оқу барысында кітап, "Ана тілі" мобильді қосымшасы тегін беріледі.

Сабақ аптасына 3 рет онлайн режимде тұрғындарға ыңғайлы уақытта өтеді. Курс интерактивті тапсырма, тест, бағалау және тексеру элементтерін ескере отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу