Павлодар облысында қарсы қозғалыс жолағына шығып, басып озу маневрін жасаған жүргізуші көлік басқару құқығынан 6 айға айырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Астана – Павлодар автожолының 235-шақырымында болған. Toyota Land Cruiser көлігін басқарған жүргізуші жол таңбалары мен белгілерін елемей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылдады.
Жыл басынан бері Павлодар облысында қарсы қозғалыс жолағына шығудың 552 дерегі анықталған.
Полицияның мәліметінше, мұндай маневрлер жол-көлік оқиғасының туындау қаупін арттырады. Сондықтан жүргізушілерге жол белгілері мен таңбаларын сақтап, басып озу кезінде жол жағдайын ескеруге кеңес беріледі.