Павлодарда көлік қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

692

Осы факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Павлодарда көлік қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

Павлодарда жаяу жүргінші 63 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан автокөліктің астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"25 ақпан күні 14.00-де Павлодардағы Ермак көшесі, 96/2 үйіне қарама қарсы беттегі жаяу жүргіншілер жолында "ЗИЛ-431412" автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі 43 жастағы әйелді қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды", – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшілерге.

Осы факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Автокөлік айып тұрағына қойылды",– деп толықтырды полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу