Павлодарда нөсер жауыннан кейін 5 мың халық жарықсыз отыр

507

Бағдаршамдар істемейді

Павлодарда нөсер жауыннан кейін 5 мың халық жарықсыз отыр

Ақ нөсер мен қатты желден Павлодарда 5 бағдаршам жұмыс істемей тұр. Ағаштар құлап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар қаласында 5 бағдаршам жұмыс істемейді. Апатты жоюмен 2 бригада айналысып жатыр", - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Құлаған ағаштарды жинау жұмысын 3 бригада мен 3 мамандандырылған техника жүргізіп жатыр. Жаңбыр суын соруға 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

"Сонымен қатар, қазіргі уақытта 5 237 тұтынушы электр қуатынсыз қалды: жеке тұлғалар - 4 986, заңды тұлғалар - 251", - деп хабарлады Павлодар әкімдігі.

Солтүстік (Назарбаев ауданы – Лермонтов – Бұқар жырау – Торайғыров көшелері), Оңтүстік (Ворушин – Циолковский көшелері ауданы), Орталық (Катаев ауданы – Шөкин – Назарбаев – Толстой көшелері, Толстой көшесі бойы – Кіші айналма жолы), Батыс (Радиозауыт ауылының ауданы) стансаларда жарық өшірілген.

Қала мен қала маңындағы залалды жоюға 19 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Жылу және су желілерінде ақау болған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін сауда үйінің шатыры құлап, 2 адам жарақат алғаны хабарланды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу