Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының басшысы 3 жылға сотталды

368

Ол жазасын ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді.

Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының басшысы 3 жылға сотталды Фото: Almaty.sud.kz

Павлодар қаласының №2 сотында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқаруға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Жауапкер Qnet-те тәуелсіз өкіл ретінде тіркеліп, 2019 жылы Екібастұз және Павлодар қалаларында кеңсе ашқан. Компанияға жаңа мүшелерді тарту үшін тапқан ақшасы, кірісті қалай арттыру керек екені туралы ақпарат таратқан. Бұл ретте Qnet-тің белгіленген операциялық процедуралар саясаты бұзылған.

2019 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың 12 шілдесіне дейін халық қаржы пирамидасына 5 миллион 983 мың теңге салған.

"Сонымен қатар, Ч.-ның электрон поштасындағы мәліметке сәйкес, Ұлттық банктің теңгедегі бағамы бойынша eCard (АҚШ доллары) арқылы төлемнің жалпы сомасы 7 218 823,49 теңге болды", деп толықтырды сот.

Сот сотталушының жасын, жас баласының бар-жоғын ескеріп, мүлкі тәркіленбей, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге үкім етті.

Сондай-ақ, сотталған адам үш жыл бойы азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналыса алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу