Ақпаратқа сәйкес оқиға 12 шілде күні сағат 20.15-те болған, деп жазады inbusiness.kz.
"Қамзин-Амангелді көшелерінің қиылысында "LADA" маркалы көлік пен скутер соқтығысты. Салдарынан скутер жүргізушісі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, 37 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Ол облыс орталығындағы №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу