Павлодарда үш күн іздеуде болған жігіттің мәйіті табылды

176

Павлодарда 19 жастағы жігіт суға батып кеткен.

Павлодарда үш күн іздеуде болған жігіттің мәйіті табылды Фото: ТЖМ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 28 маусым күні сағат 16:00-де болған. Сол күні 19 жастағы павлодарлық жігіт орталық жағажайда демалған екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Досының сөзінше, жігіт суға сүңгіп жүрген. Алайда сол күйі су бетіне шықпай қалған.

Іздеу жұмыстары бірден басталып, үш күнге созылған. Алайда бозбала табылмады. Артынан жағалауда куәгердің бірі 19 жастағы жігіттің денесін байқап қалған. Сөйтіп, мәйітті судан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу