Павлодарда 75 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты 11 қараша кешкі сағат 17:00-де болған.
"Ленин кентінде Мұқажанов көшесі бойында Toyota Avensis көлігінің 75 жастағы жүргізушісі 1972 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың белгіленбеген жерінен жүгіріп өткен. Бұл фактіге қатысты сараптама тағайындалды", – деп жазылған Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқыс оқиғадан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілген.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу