Павлодарда жол апатынан 2 жүргізуші қаза тапты

204

Полиция қайғылы жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. 

Павлодарда жол апатынан 2 жүргізуші қаза тапты Фото: Павлодар облысы ПД

"Павлодар-Омбы" тас жолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан екеуінің де жүргізушілері опат болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Оқиға 27 желтоқсан күні "Павлодар-Омбы" автожолының Бобровка ауылы маңында болған. Toyota Vitz маркалы автокөліктің жүргізушісі көктайғақ жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Hyundai Accent автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, 1 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, мерт болғандардың екеуі де әйел. Оның бірі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі Тереңкөл ауданындағы ауруханада көз жұмған.

Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылған. Қайғылы жайттың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Тәртіп сақшылары көпшілікті жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауға және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу