Павлодарда жол апатынан жаңа туған сәби көз жұмды

300

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Павлодарда жол апатынан жаңа туған сәби көз жұмды Фото: Павлодар полициясы

Павлодарда "Атамекен – Русская Поляна" автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы жеңіл көліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.             

"Ақсу өңірінің Ребров ауылының маңындағы "Атамекен – Русская Поляна" автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада автокөлігінде болған сәби көз жұмды. Бала жақында ғана дүниеге келген, қырқынан да шығып үлгермеген. Екі көліктің де жүргізушілері зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу