Павлодарда жол апатынан жолаушы көз жұмды

653

Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Павлодарда жол апатынан жолаушы көз жұмды Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

"Қызылорда – Павлодар" автожолында CHEVROLET COBALT маркалы автокөлік аударылып, жолаушысы қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рулге ие бола алмай қалған.

– Оқиға "Қызылорда – Павлодар" автожолында 1153-шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында, алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу