ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев Павлодардағы №28 мектепте шыққан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Өрттің алдын-ала себебіне тоқталайын. Электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, яғни стандартты емес ұзартқышты пайдалану салдарынан өрт шыққан. Бұл алдын ала жасалған болжам", – деді Ерлан Төрегелдиев.
Ол бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Айта кетейік, кеше Павлодарда №28 мектеп өртенген болатын. Ғимараттан 576 адам, оның ішінде 551 оқушы қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттен бір мұғалім зардап шекті.
Фото:instagram.com/tipavlo.dar
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу