Павлодарлық студенттің идеясы көлік жуу орындарында суды 40 %-ға үнемдейді

1591

Павлодарлық студенттің идеясы  көлік жуу орындарында суды 40 %-ға үнемдейді

Павлодарда С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Әлия Бояндинова суды үнемдеу мақсатында көлік жуу орындарын ұйымдастыру идеясын ұсынды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

ПМУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда "Жасыл экономика үлгісіне өту үшін Қазақстанды қолдау" атты БҰҰ бірлескен гранттық бағдарламасы шеңберінде "Жасыл" жобалар жастар республикалық байқауы өткен. Аталмыш ғылыми байқаудың тақырыбына ауылдық жерлерде суды үнемдейтін технологияларды енгізу мәселелері арқау болған.

Осы байқауда энергетика факультетінің студенті Әлия Бояндинова су тазарту құрылғыларының инновациялық жобалары  тақырыбында жаңа деректер  келтіріп, өндірістегі суды үнемдеу жолдары туралы өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. 

 "Осы жобаны ойлап табу үшін 2-3 айдай уақыт жұмыс істедім. Пластикалық материалдардан макеті жасалды. Енді оны ауылда іске асыру үшін шамамен 5 млн теңге көлемінде қаражат қажет болады. Қызмет көрсету орнының бір күнде 4-5, ал бір аптаның ішінде 20-дай көлік жууға мүмкіндігі бар. Бұл ауыл тұрғындары үшін өте тиімді жоба. Өйткені, қазіргі көлік жуу орындарымен салыстырғанда мұнда суды 40 пайызға дейін үнемдеуге болады", – дейді Әлия Бояндинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу