Павлодарлық жас суретшілердің туындысы Украина пошта маркаларына шықты

1113

Павлодарлық жас суретшілердің туындысы Украина пошта маркаларына шықты

Үстіміздегі жылдың мамырында Украинаның Херсоне қаласында өткен "Достық белгісі" ІV халықаралық сурет сайысына қатысқан павлодарлық оқушылардың еңбегі үздік шықты.

Балғын суретшілер 2016 жылдың мамыр айында өздерінің фломастермен, гуашьпен және аралас техникада орындаған 35 суретін аталған халықаралық байқауға ұсынған болатын. Ұсынған жұмыстарда Қазақстанның пейзажын, ұлттық дәстүрлерін, әртүрлі мерейтойлары және ертегілерін шебер көрсеткен.

Бұл сайысқа әлемнің 15 елінен 3 мыңға жуық қылқалам шебері қатысты. Халықаралық қазылар алқасы сайыстың 156 лауреатын таңдап алды. Үздіктер қатарында Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушы Абылхан Абылқасымов, Даниил Юминов, Зарина Абдархманова да бар.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды, ал "Власна белгісі" жобасы бойынша "Укрпошта" көркемдік пошта маркаларын шығарды, жеңімпаздар жұмыстары  "Достық белгісі" сайтының электронды галереясында орналастырылған.

Рavlodarnews.kz

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу