"Педофилдер ешқашан өзгермейді": Асхат Аймағамбетов заң жобасына шүйлікті

2307

Мәжілістің жалпы отырысында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және  Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасы қаралды. 

"Педофилдер ешқашан өзгермейді": Асхат Аймағамбетов заң жобасына шүйлікті Фото: parlam.kz

Құжат депутаттар арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Бірнеше апта бұрын маңызды заңды қабылдадық. Бұл – педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы. Енді олар өмір бойы түрмеде отыру керек. Бірақ бұл норма осының алдында сотталған педофилдерге қатысты емес. Яғни енді алдында сотталғандар бірте-бірте бостандыққа шыға береді. Біз бұған бір норманы ұсындық. Бостандыққа енді шығатын педофилдерге әкімшілік қадағалау немесе пробациялық бақылауды енгізу. Бұл дегеніміз бостандыққа шығатын педофилдерді енді өмір бойы бақылауда ұстау, олар қайда жұмыс істейді, қай жерде тұрады, тіпті керек болса мұны картаға шығарып қою дегендей. Бұл азғындар ешқашан өзгермейді. Оны мен айтып жатқан жоқпын, мұны ғылым көрсетіп отыр. Бұл норма неге қолданылмады? Біз сонда кімді қолдап отырмыз?", - деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжілісте әкімшілік әділет саласын кеңейтуге қатысты заң жобасы мақұлданғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу