Пентагон АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына қарсылық білдірді

998

Осыған дейін АҚШ президенті Джо Байден 11 қыркүйекке дейін америкалық әскерлерді Ауғанстаннан шығаратынын мәлімдеген еді. 

Пентагон АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына қарсылық білдірді

АҚШ-тың қорғаныс министрі Ллойд Остин бұл шешімге қарсы шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

The Wall Street Journal газетінің мәліметінше, АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығару туралы шешімге бірнеше америкалық әскери басшы алаңдаған. Олардың арасында АҚШ қарулы күштері штабы комитетінің төрағасы, генерал Марк Милли, АҚШ Қарулы күштері орталығының (CENTCOM) басшысы, генерал Кеннет Фрэнклин Маккензи, Ауғанстандағы АҚШ және НАТО күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Скотт Миллер бар. Бұл туралы Пентагон басшысы Джо Байденге есеп беру кезінде айтқан.

Сондай-ақ Ллойд Остин АҚШ президетіне Ауғанстаннан америкалық әскерлер шығарылса, елдегі жағдай тұрақсыздануы мүмкін екенін айқан. 

Айта кетейік, Ұлыбритания да әскерін Ауғанстаннан шығаруды жоспарлап отыр.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу