Перизат Қайрат туралы ел естімеген деректер жарияланды

Оның біріншісі – күдіктінің жоғары білімінің жоқтығы. 

Перизат Қайрат туралы ел естімеген деректер жарияланды Фото: instagram.com/01pk

Әрі Перизат Қайраттың бұған дейін бір рет қылмыстық қудалауға ұшырғаны да белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайырымдылық үшін деп қаржы жинап, оны жымқырды" делінген Перизат Қайратқа қатысты Астанада сот отырысы өтуде. 

Сотта прокурорлардың бірі айыпталушы мен оның анасына қатысты бірнеше деректі айтып өтті. 

– Психиатриялық немесе наркологиялық есепте тұрмайды. Орта білімді аяқтамаған. Бұрын сотты болмаған. Алайда ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, 2012 жылы қылмыстық қудалау аясында тартылған, бірақ іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Қазіргі уақытта, 2024 жылғы 14 қарашадан бастап бұлтартпау шарасы ретінде қамауда отыр, – деп нақтылады мемлекеттік айыптаушы.

Перизат Қайрат пен оның анасына қандай айып тағылғаны туралы осыған дейін жазылды. 
Сондай-ақ, Перизат Қайраттың сотында белгілі боксшы Геннадий Головкиннің аты аталғанын да хабарладық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу