Перуде төтенше жағдай жарияланды

576

Перу Президенті Дина Болуарте елордада және елдің бірқатар аймақтарында төтенше жағдай енгізілгенін жариялады. 

Перуде төтенше жағдай жарияланды Фото: baq.kz

Бұл шешім тәртіпсіздіктерге ұласқан наразылық акцияларының аясында қабылданды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Көшедегі қақтығыстардың салдарынан 40-тан астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

Елде ТЖ енгізу туралы қаулы Перу үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

"2023 жылдың 15 қаңтарынан бастап Пуно, Куско, Лима департаменттерінде, Кальяо Конституциялық провинциясында, Апуримак департаментінің Андауайлас провинциясында, Тамбопата және Тауаману провинцияларында, Мадре-де-Диос департаментінде және Тората округінде, Марискал Ньето провинциясында, Мокегуа департаментінде төтенше жағдай жариялау. Перу Ұлттық полициясы Қарулы Күштердің қолдауымен ішкі тәртіпті сақтайды", - делінген хабарламада.

Сондай ақ төртінші бапта елдің Пуно департаментінде коменданттық сағатты енгізу туралы айтылады:

"2023 жылғы 15 қаңтардан бастап он (10) күнтізбелік күн мерзімге Пуно департаментіндегі үйлеріндегі барлық адамдарды міндетті әлеуметтік иммобилизациялау 20:00-ден 4:00-ге дейін жариялансын".

Перудегі толқулар 2022 жылдың 8 желтоқсанында басталды. Перудің бұрынғы президенті Педро Кастильо парламентшілер ел Президентін сыбайлас жемқорлыққа байланысты биліктен шеттету мүмкіндігін үшінші рет талқылауға шығарғаннан кейін конгресстің таратылғанын еске саламыз.

Президент қабылдаған шараларға қарамастан, парламентшілер отырысқа жиналып, Кастильоға импичмент жариялады. Көп ұзамай ол ұсталып, қамауға алынды, оған қарсы қылмыстық тергеу ашылды.

Наразылықтар ұшқыны Перудің 196 провинциясының 41-ін шарпып, бір айда барлығы 48 адамды құрбан болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу