Перудегі тәртіпсіздіктерден қаза тапқандар саны 58-ге жетті. Бұл туралы Exitosa радиосы республикадағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Луис Альворадоға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазіргі уақытта біз 58 адамның қайтыс болғанын растаймыз - 10 бейбіт тұрғын жол-көлік оқиғаларынан, 48 адам полициямен қақтығыстардан қайтыс болды", — деді ведомство қызметкері.
Альварадо тәртіпсіздіктер көптеген Перуліктердің өміріне, денсаулығына, одан қалды әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Оның айтуынша, тіпті, наразылық акцияларға қатысы жоқ адамдар да зардап шегіп жатыр.
Перудегі толқулар 2022 жылдың 8 желтоқсанында басталды. Перудің бұрынғы президенті Педро Кастильо парламентшілер ел Президентін сыбайлас жемқорлыққа байланысты биліктен шеттету мүмкіндігін үшінші рет талқылауға шығарғаннан кейін конгресстің таратылғанын еске саламыз.
Президент қабылдаған шараларға қарамастан, парламентшілер отырысқа жиналып, Кастильоға импичмент жариялады. Көп ұзамай ол ұсталып, қамауға алынды, оған қарсы қылмыстық тергеу ашылды.
Бұған дейін наразылықтар ұшқыны Перудің 196 провинциясының 41-ін шарпып, бір айда барлығы 48 адам құрбан болғаны хабарланды.
Кейін Перу Президенті Дина Болуарте елордада және елдің бірқатар аймақтарында төтенше жағдай енгізілгенін жариялады.